Алматы тауларында жарақат алған турист құтқарылды

388

Үлкен Алматы көлі маңында аяғын жарақаттаған қызға ТЖМ құтқарушылары жедел көмек көрсетті.  

Алматы тауларында жарақат алған турист құтқарылды Фото: Бейнежазбадан

Алматы қаласының маңындағы Үлкен Алматы көлі аумағында жарақат алған туристке Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның мәліметінше, теңіз деңгейінен шамамен 2300 метр биіктікте тау соқпағымен төмен түсіп келе жатқан 2008 жылы туған қыз аяғын жарақаттап, өздігінен қозғала алмай қалған.

Оқиға орнына жедел жеткен Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің мамандары зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны қауіпсіз түрде "Аюсай" визит-орталығына дейін түсірді.

Одан кейін қыз жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу