Алматы тауларында 3 турист жарықсыз қалған

286

Олар құтқарушылардан көмек сұраған.

Алматы тауларында 3 турист жарықсыз қалған Фото: Бейнежазбадан

Алматы тауларында түнде өздігінен төмен түсе алмай қалған үш туристке құтқарушылар көмек көрсетті, деп хабарлайды қаланың Мониторинг және жедел әрекет ету орталығы.

Оқиға Медеу ауданындағы Шүкір асуында, шамамен 3100 метр биіктікте болған. Үш жас жігіт таудан түсу кезінде қолшамдарының жарығы өшіп қалып, қозғалысын жалғастыра алмаған. Осыдан кейін олар құтқарушылардан көмек сұраған.

– Оқиға орнына Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары жіберілді. Туристер қауіпсіз жерге жеткізіліп, №22 өрт сөндіру бөліміне дейін алып түсірілді, – делінген хабарламада.

Одан кейін үш жігіт туыстарына тапсырылды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу