Алматы тауларында жоғалған 3 турист табылды

256

Жастар медициналық көмектен бас тартты.

Алматы тауларында жоғалған 3 турист табылды Фото: ТЖМ

Өткен түнде Алматы облысының Қарасай ауданында таулы жерлерде ТЖМ құтқарушылары іздеу жұмысы барысында 15-20 жас аралығындағы жоғалған үш туристі тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен оларға түсуге көмектесті. Жастар медициналық көмектен бас тартты.

"Егер құтқарушылар болмаса, сіздермен бірге болмас едім. Құтқарушылар болмаса жағдайымыз қиын болар еді. Олар тіпті жоғалған телефонымызға дейін тауып берді. Ақымақ адам сияқты жоғарыға қарай өрмелеп кеттік", - дейді құтқарылған туристердің бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу