Алматы тауларында жоғалған ер адамның денесі табылды

1151

 2021 жылғы 12 ақпан сағат 14:30-да іздестру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде "Шымбулачка" шатқалында 1981 жылы туған ер адамның жансыз денесі табылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.  

  Алматы тауларында жоғалған ер адамның денесі табылды

 

Кешелі бері құтқару операциясы ауа райының нашарлығына байланысты жаяу түрде тәулік бойы жүргізілді. Сондай-ақ "Қазавиақұтқару" мекемесінің КА-32 әуе борты да іздестру жұмыстарына әзірленді. Алайда қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты тікұшақ әуеге көтерілмеді.

Іздестру жұмыстарына ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі халықаралық орталықтың ұшқышсыз басқару аппараты (дрон) қолданылды. Дрон теңіз деңгейінен 5 мың 300 метрден астам биіктікке 5 мәрте көтерілген. Кезекті іздестру барысында дрон адамның құлаған ізін көрсетті. Осы арқылы құтқарушылар жоғалған адамның болжамды іздестіру аумағын белгілеген. Кейін альпинистік жабдықтар мен жіптерді қолдана отырып, құтқарушылар шатқалға түсті. Көшкін қаупіне қарамастан, қазіргі уақытта зардап шегушіні тасымалдау жұмыстары жүргізілуде. Мәйітті тасымалдау шамамен 3 сағаттан астам уақытты алуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін оқиға орнында ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің, "109 құтқару қызметі", Апаттар медицинасы орталығының құтқарушыларынан Алматы қаласы ТЖД жедел штабы құрылды. ТЖ және дүлей зілзалалардың қаупін азайту орталығының өнеркәсіптік ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды.

Осылайша құтқару операциясына барлығы 70 құтқарушы, 12 бірлік техника жұмылдырылды.

Осыған дейін Алматы қаласы ТЖД қала тұрғындарын қар көшкіні қаупі жайында ескерткендігін атап өткен жөн.

ҚР ТЖМ тауларда түнгі уақытта соқпақсыз жолдармен жүруге болмайтындығын ескертеді. Тауға жалғыз шығу сіздің өміріңіз үшін қауіпті. Белгіленген жерге шықпас бұрын бағытыңызды мұқият жоспарлаңыз. Таудағы ауа райы болжамымен танысуды ұмытпаңыз. Дауылды ескертулерге құлақ асыңыз. Жол қысқарту үшін білмейтін соқпақтармен жүрмеңіз. Жақындарыңызға баратын бағытыңыз туралы хабарлаңыз және оны өзгертпеңіз. Өзіңізбен бірге байланыс құралдарын алған жөн. Қажет болған жағдайда жақындарыңызға орналасқан жеріңіздің геолокациясын жіберіңіз. Төтенше жағдайға тап болсаңыз, өзіңіздің орналасқан жеріңіздің геолокациясын жіберген жерде болуға тырысыңыз. Төтенше жағдай туындаған сәтте 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу