Алматы тауларында жоғалған туристі полиция іздеуге кірісті

751

Іс-түссіз кеткен азаматшаны іздестіруге 50-ден аса маман жұмылдырылды. 

Алматы тауларында жоғалған туристі полиция іздеуге кірісті

Алматы тауларында жоғалған түристке қатысты Бостандық ауданы полиция басқармасы жедел-тергеу тобын құрды. Қазірге белгілісі тау туризмімен айналысатын алматылық бойжеткен 9 қараша күні Үлкен Алматы шыңына аттанып, 10 қарашадан бері хабарсыз кеткен. Полиция департаментіне бұл туралы жоғалған алматылықтың ата-анасы айтқан. 

"Мобильді іздеу топтары құрылды. Олардың ішінде 50-ден аса полиция қызметкері бар. Сонымен қатар, бойжеткенді қала аумағынан да табуымыз мүмкін. Сондықтан Алматының ішінде де іздестіру тобы жұмыс істеуде. Ал Панаргалиеваның туыстары айтқан тау беткейінде ҚР ІІД мамандарының жедел-құтқару тобы іздестіру жұмыстарын бастап кетті", – деді Бостандық ауданы полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев.

Сондай-ақ ведомства басшысы, қазіргі кезде жоғалып кеткен азаматшаның араласатын адамдары сұралып, қосымша деректер зерттелуде деп атап өтті.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу