Алматы тауларында жоғалып кеткен альпинистің денесі табылды

454

Жоғалған ер адам төрт күн бойы іздестірілген. 

Алматы тауларында жоғалып кеткен альпинистің денесі табылды  Фото: ҚР ТЖМ

Алматы тауларында жоғалып кеткен ресейлік альпинистің денесі табылды, деп жазады inbusiness.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

39 жастағы турист Шымбұлақ-Талғар асуы (3163 м) - Богданович мұздығы (3500 м) - Абай шыңы (4010 м) бағытын жалғыз өзі еңсермек болған. 

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, ол достарына 5 тамыз күні сағат 21.00-де қалаға оралатынын ескертеді. Алайда белгіленген уақытта байланысқа шықпаған.

"Таудағы климаттың күрделілігіне, тау маршрутының ерекшеліктеріне, тастың құлауына және жартасты рельефке қарамастан іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. Ер адамның жеке бас деректері анықталуда", - делінген хабарламада.

Ведомство тауға жалғыз шықпауды ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу