Туыстары 15 қаңтарда бірден құтқарушыларға хабарласып, іздеу салады.
Сосын ТЖМ құтқарушылары Алматы облысының тауларында 3 күндік іздестіру-құтқару операциясын жүргізеді.
"ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары дереу іздеуге кірісті. Жұмысқа кинологиялық есептоптар, пилотсыз ұшу аппараттары және жерүсті топтары қатысты. Алғашқы 2 күнде 21 орын зерттелді, оның ішінде ең танымал туристік маршруттардағы шыңдар, шатқалдар мен асулар болды", – деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Ер адам "Қазавиақұтқару" әуе ұшағымен іздеу арқылы 2 970 метр биіктікте "Сол Талғар" шатқалындағы күркеден табылды. Медициналық көмекке мұқтаж болмады.