Алматы тауларындағы 8 көл шаһар үшін аса қауіпті

1645

Мегаполисте сел қауіпсіздігі бойынша жұмыстар жүргізілуде.  

Алматы тауларындағы 8 көл шаһар үшін аса қауіпті

Алматы қаласының маңында 45 мореналық-мұздық көлдер орналасқан, олардың ішінде 12-сі қауіпті болса, 8 көл аса қауіпті деп есептеледі, деп хабарлайды inbusiness.kz ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қаласының аумағында селмен күресудің ең тиімді әдісі - мореналық көлдерді босату бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылы Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі 8 көлді босату бойынша алдын алу жұмыстары жоспарланған.

Барлық мореналық көлдер толтыру сатысында, көптеген көлдерде жер үсті ағыны бар. 8 көлдегі жұмыстарға 90 адам жұмылдырылады, бульдозерлер іске қосылады, эвакуациялық арналарды тазарту және тереңдету, сифон құбырларын орнату және монтаждау, сондай-ақ сорғы қондырғыларын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда. Осы мақсатта өнімділігі жоғары 9 дана сорғы, 2000 метр полиэтилен құбырлары дайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Мореналық көлдерге бақылау жүргізу үшін тұрақты негізде жұмыс істейтін 9 бекетке және 12 қосымша маусымдық бекеттер қойылды. Сел қаупі бар кезеңде барлығы 21 бекет жұмыс істейді.

Айта кету керек, 2020 жылы 7 мореналық көлде ағызу каналдары арқылы, оларды тазарту және тереңдету жолымен, сондай-ақ сифон құбырларынан – 5,2 млн текше метр су шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу