Алматы тауларында қар көшкінінде қалған бір адам табылды

868

Екінші адам әлі іздестіріліп жатыр.  

Алматы тауларында қар көшкінінде қалған бір адам табылды

Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД хабарлады, деп жазды inbusiness.kz

"Құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарына дрон ұшырды. Осылайша, қар массасынан бір зардап шеккен адамды шығарып алды. Алдын ала ақпарат бойынша оның иығы шығып кеткен. Екінші адамды іздеу жалғасуда. Жалпы саны: 31 адам, 8 бірлік техника, 2 кинологиялық есеп, 1 тікұшақ, 1 дрон жұмылдырыған", – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі. 

Еске сала кетсек, Алматыдағы "Молодежный" шыңында көшкін жүріп, қар құрсауында 2 адам қалған еді. Бұған дейін ТЖД Қазгидромет РМК дауылды ескерту негізінде 2022 жылдың 9-13 сәуірінде таудағы көшкін қаупі туралы хабарлама жіберген болатын, қала тұрғындары мен қонақтарына sms,  Дәрмен мобильді қосымшасы және қаланың медиабордтары арқылы алдын ала ескертілді. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу