Алматы тауларындағы сел құтқарушылар бақылауында

448

Қала маңында 51 мореналық көл бар.

Алматы тауларындағы сел құтқарушылар бақылауында Фото: Алматы қаласы ТЖД

Сел қаупі бар кезеңнің басталуына байланысты Алматы тауларында мореналық көлдерді бақылау және мониторинг жасау үшін "Қазселденқорғау"-дың 7 биік таулы маусымдық гидропосты ашылды. Алматы қаласының әкімдігі авиациялық қолдау көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Сел қаупі бар кезеңде барлығы 19 бекет жұмыс істейді, оның 9-ы жыл бойы жұмыс істеуде.

Алматы қаласының маңында 51 мореналық көл бар, осы жазда олардың ішіндегі 6 аса қауіпті көлде босату жұмыстары жүргізіледі.

"Қазіргі таңда мореналық көлдердің толуы байқалады, бірақ су деңгейі шектік белгілерге жеткен жоқ, көлдің салалары байқалмайды. Көлдерді судан босату және эвакуациялық арналарды тереңдету, қосымша сифонды құбырларды орнату және монтаждау бойынша алдын алу жұмыстарын биыл 20 маусымнан кейін бастау жоспарлануда. Сонымен қатар, сел қаупі мониторингі автоматтандырылған жүйесінің (АСМ) 31 станциясының көмегімен мореналық көлдерінің серпінділігін бағалауға және нақты уақыт режимінде гидрометеорологиялық жағдайды қашықтықтан бақылауға болады. Бұл жүйе сел қаупі бар кезеңдегі жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Жалпы, маусым-қыркүйек аралығында қаладағы сел ахуалы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің және "Қазселденқорғау" мекемесінің ерекше бақылауында болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу