Алматы тауында адамды қар көшкіні басып қалды

71

Құтқарушылар ер адамды көшкіннен сәтті шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Алматы тауында адамды қар көшкіні басып қалды Фото: canva

Бүгін 112-ге Алматы қаласы, Сухой трассасынан тыс аумағында ашық арқан жолының аумағында ер адамды қар көшкіні басып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

"Оқиға орнына дереу Алматы қаласы ТЖД 23-әмбебап құтқару бөлімшесінің қызметкерлері мен Шымбұлақ курортының құтқарушылары жіберілді. Құтқару қызметтерінің жедел және кәсіби әрекеттерінің арқасында зардап шеккен адам тез арада табылып, қар астынан шығарылды", – делінген хабарламада.

Оған алғашқы көмек көрсетіліп, одан әрі тексеру үшін "Шымбұлақ" медициналық пунктіне жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу