Алматы тауындағы өрт: Қаза болған өртсөндірушінің отбасына өтемақы төленеді

507

Жерлеу бойынша барлық шығынды Алматы Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырды.  

Алматы тауындағы өрт: Қаза болған өртсөндірушінің отбасына өтемақы төленеді Фото: Алматы төтенше жағдайлар департаменті

Алматы тауындағы өртті сөндіру кезінде қаза болған өртсөндірушінің отбасына 13 миллион теңге мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Құқық қорғау қызметі туралы" Заңға сәйкес қаза тапқан қызметкер Құрманбеков Арсланның мұрагерлеріне оның алпыс айлық ақшалай қаражаты (5 жылғы) - шамамен 13 миллион теңгемөлшерінде біржолғы өтемақы төленетін болады. Сонымен қатар, жерлеуге жұмсалған шығындарға 600 мың теңге көлемінде өтемақы төленетін болады", - делінген хабарламада. 

Жерлеу бойынша барлық шығынды Алматы Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырды.

ТЖ министрлігі өкілдері Президент Әкімшілігіне мемлекеттік наградаға қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өртсөндіруші Арслан Құрманбековті марапаттау туралы ұсыныс енгізді.

Сонымен қатар, Алматы әкімдігінің атына әлеуметтік көмек тәртібінде Арслан Құрманбековтың анасына тұрғын үй бөлу мүмкіндігін қарастыру туралы өтініш жолданды.

Өзге де қосымша көмек көрсету мәселелері пысықталып жатыр.

Еске сала кетсек, 8 мамырда Алматы тауындағы өртті сөндіру кезінде өртсөндіруші қаза болғанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу