Алматы тауындағы өрт: Құтқарушы жарақат алды

664

Өртті сөндіруге 59 адам мен 15 техника сондай-ақ, парктің жедел тобы жұмылдырылған.  

Алматы тауындағы өрт: Құтқарушы жарақат алды Фото: видеодан скриншот

Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Медеудегі өрттің егжей-тегжейін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, 2023 жылғы 7 мамырда 23:52-де Алматының Медеу ауданы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің филиалы, Кіші Алматы орманшылығының тау баурайында құрғақ шөптер мен құлаған ағаштар (қураған ағаштар) өртенгені анықталды. 

Өртті сөндіру кезінде Алматы төтенше жағдайлар департаментінің "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ Мамандандырылған жасақ бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау аға сержанты Ерік Оқасов қолынан жарақат алды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы тауларындағы өртті сөндіру кезінде өрт сөндіруші Құрманбеков Арсланның қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағындағы өртті сөндіруге "ҚазАвиақұтқару" тікұшақтары жұмылдырылған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу