"Алматы тазалық" жұмысшыларын видеоға түсірген әйел 2 бап бойынша айыпталды

497

Бұған дейін әлеуметтік желіде әйелдің шөп үстінде отырған коммуналдық қызметкерлерін видеоға түсіріп, оларды сынаған видеосы тарады.  

"Алматы тазалық" жұмысшыларын видеоға түсірген әйел 2 бап бойынша айыпталды Фото: Видеодан скриншот

Алматыда коммуналдық қызметкерлерді жұмыс уақытында демалып отыр деп видеоға түсірген тұрғынға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әйелге екі бап бойынша хаттама рәсімделген. Оның бірі – ұсақ бұзақылық. Ал екінші хаттама итін тұмылдырықсыз серуендетуіне байланысты жасалған.

Осы құқық бұзушылық үшін тұрғынға 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 43 250 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Кейін Алматы әкімдігі қызметкерлердің сол уақытта 2 сағаттық заңды түскі үзілісте болғанын хабарлаған.

Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып, желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу