Алматы театрларына 100 көрермен жинауға рұқсат берілді

666

Бұған дейін шаһар өнер ордаларына 50 адамға дейін көрермен жинауға рұқсат берілген еді. Енді Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің бұл жолғы қаулысына сәйкес келушілер санын 100 адамға жеткізуге болады.  

Алматы театрларына 100 көрермен жинауға рұқсат берілді

Қаулыға сүйенсек, театрлардағы орындарда адам саны 50%-дан аспауға тиіс. Әрі 10 қарашадан бастап олар infokazakhstan.kz порталына тіркелу арқылы жұмыс істейді. 

"Мәдени нысандарда әлеуметтік арақашықтық сақталуы керек. Сондай-ақ санитарлық-дезинфекциялық режим, желдету жүйелері үздіксіз жұмыс істеп тұруы керек. Оған қоса,ауаны сәулелендіру (кварц) ұсынылады", – деді Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин. 

Сондай-ақ 10 қарашадан бастап күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, діни объектілердің қызметіне рұқсат етілді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу