Бүгін, 7 қыркүйекте "Эйр Астана" әуе компаниясы Airbus 321 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша рейстер ашты, деп хабарлайды inbusiness.kz Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
Қазақстан мен Израиль арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.
ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын тұрақты негізде ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу