"Алматы" телеарнасының бас директоры ауысты

941

Бұл қызметке Тимур Базарбаев тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz телеарнаға сілтеме жасап.

"Алматы" телеарнасының бас директоры ауысты

Бұған дейін "Алматы" телеарнасын Нұржан Мұхамеджанова басқарған.

Тимур Талғатұлы 1987 жылы 4 шілдеде дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы журналистика және саясаттану факультетін тәмамдаған.

Бұған дейін Nur Otan партиясының (қазіргі AMANAT) баспасөз хатшысы қызметін атқарған.

Ол әр жылдары Алматы қаласы, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінде, "Nur Media" ақпараттық холдингі мен "Nur Otan" партиясы құрылымында жұмыс істеген.

2016-2019 жылдары – Алматы қаласы әкімдігінің жұртшылықпен байланыс қызметінің басшысы.

2019-2022 жылдары – "AMANAT" партиясы Орталық аппаратының баспасөз қызметінің басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу