Алматы Телемедицина орталығы 3 мыңнан астам науқасқа қашықтан кеңес берді

616

Сонымен қатар мекеме емделіп шыққан 49 адамды бақылауына алған. 

Алматы Телемедицина орталығы 3 мыңнан астам науқасқа қашықтан кеңес берді

Алматыдағы Телемедицина орталығындағы дәрігерлер 3527 науқасқа кеңес беріп, стационарлардан шыққан 49 адамды бақылауына алған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Орталыққа күн сайын 2500-3000 кіріс және шығыс қоңырауы түседі.

Осы уақытқа дейін 52 158 қоңырауға қызмет көрсетілді. Телемедицина орталығы үйде ем қабылдап жатқан COVID-19-бен ауратын науқастарға көмек көрсету мақсатында 2020 жылғы қыркүйек айында ашылған болатын. Орталық COVID-19-бен ауратын науқастарға, сондай-ақ қауіп тобындағы адамдарға қашықтан кеңес береді.

"МСАК ұйымдарының мамандарымен жүргізілген офлайн кеңестен соң, орталық мамандары онлайн түрінде кеңес береді және үй карантиніндегі COVID-19-бен ауратын науқастарға мониторинг жүргіземіз. Ем қабылдау үшін ауруханаға жатқызатын көрсеткіштер болған кезде орталық мобильдік бригада немесе жедел жәрдем шақырады. Науқастарға тиісті медициналық көмек көрсету үшін стационарларға жібереміз", – деді ТМО басшының міндетін атқарушы Жұлдыз Бауыржанқызы.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу