Алматы топалаңы және билікті тартып алу әрекеті

721

Atameken Business телеарнансының "Анығын айтсақ" бағдарламасында митингке шыққандарды жөнсіз қуғындау сөз болды.  

Алматы топалаңы және билікті тартып алу әрекеті

Қайғылы күндердің ызғары әлі есіп тұр. Апта өткенмен де және қауіп сейіліп жатқанымен де халықтың алаңдауы мен өкініші басылған жоқ.

Алаңдайтын нәрсе баршылық. Әлеуметтік желіні ашып қарасаңыз, оққа ұшып немесе соққыдан көз жұмған қарапайым азаматтардың нақты саны осы күнге дейін ресми түрде келтірілмей отырғаны жиі айтылады.

Шынында, оны неге құпиялайтыны түсініксіз. Әлде мемлекетке де анық емес пе екен... Көпшіліктің тағы бір жиі сұранып жатқаны – ұсталған мыңдаған адамның ішінде алаңға бейбіт ниетпен барғандардың көп екені, сол себепті жазалаудың жаппай науқандық сипат алып кетпеуі. Осы екі сұраныс күн тәртібінен түспей тұр. Халық шынайы ақпаратқа қол жеткізгісі келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу