Almaty Towers-тегі өртке күдікті ретінде "Батут орталығының" директоры тұтқындалды

820

Almaty Towers-тегі өртке күдікті ретінде "Батут орталығының" директоры тұтқындалды

AlmatyTowers бизнес-орталығындағы "Батут орталығы" ЖШС директоры Дәурен Тұяқов тұтқындалды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, "ҚазАқпарат" ХАА хабарлайды.

"Бостандық аудандық соты ҚР ҚК 292-бабы, 3-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасауда күдікті Дәурен Тұяқовқа қатысты екі айға қамау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығарды", – деп хабарлады мекеме.

Дәурен Тұяқовтың ұсталуы 12 қараша күні белгілі болды. Ол ҚР ҚК 292-бабы, 3-бөлігі – "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу" бойынша қылмыс жасауда күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске сала кетсек, бизнес-орталықтың отқа оранғандығы туралы ақпарат 6 қарашада сағат кешкі жетіде түскен. Өртті сөндіру кезінде 80 адам эвакуацияланды. Жалын шарпыған аймақ 1800 шаршы метрді құрады. Салдарынан бір адам мерт болды. Келесі күні үйінді астынан тағы да бес адамның мүрдесі табылған. Олар алматылық жоғары оқу орындарының студенттері болып шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу