Алматы трамвайларын сатып алушы табылмай тұр

762

Алматы трамвайларын сатып алушы табылмай тұр

Егер Алматы трамвайларын сатып алушы табылмаса, оларды утилизациялайды. Бұл туралы "Алматыэлектротранс"  компаниясының бас директоры Ризван Цинаев хабарлады, деп жазады 7kun.kz.

"Трамвайлар сатылымға бірнеше ай бұрын шығарылды. Бұл уақытта Павлодар трамвай басқармасы сатып алуға ұсыныс білдірген. Алайда алматылық трамвайлардың құрылғылары павлодарлық вагондарға сай келмеді", — деп атап өтті Цинаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жалғыз ұсыныс білдірген Өскемен трамвай паркі болып отыр. Қолданылмаған вагондардары бар "Алматыэлектротранс" сатып алушылардың жауабын айдың соңына күтетінін айтты. Егер сатып алушы табылмаса, трамвайларды утилизациялайды. Бұл жұмыстарды компания өз қаражатына жасайды. Бірақ шығындар әлі толық есептелген жоқ. Ал трамвайдың құнына келсек, әрқайсы 8 млн теңгеге бағаланып отыр. Барлығы 17 вагон.

"Барлық трамвайлар күзеттің бақылауында. Бұрын жүргендердің де жағдайы жақсы. Басқаларына сараптама жүргізу керек. Себебі кейбір құрал-жабдықтары жоқ. Ол соңғы уақытта пайдаланылмаған ең ескі трамвайлар. Егер сата алмасақ қайта өңдейміз", — деді Цинаев.

Еске салсақ, Алматыда трамвайлар жол апатына себепші болғандықтан екі жыл бұрын қолданыстан шығарылды. Қазіргі уақытта рамвай рельстері алынып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу