Еске сала кетсек, 4 қазан күні Талғар қаласында болған төбелес салдарынан бір жасөспірім қайтыс болған еді. Қайғылы оқиғаға байланысты ашулы жергілікті тұрғындар наразылық білдірді.
Алматы облысының Прокуратурасы бұл кісі өлтіру ісін ерекше бақылауға алғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов істі жеке бақылауына алды.
Құқық қорғаушы Айтбек Амангелді қаза тапқан жасөспірімнің отбасына заңгерлік көмек көрсету үшін адвокаттар тапқанын хабарлады. Ал облыстық Полиция департаментінің міндетін атқарушы Серік Шалқаров бейнебақылау камераларынан алынған жазбалардың мұқият тексеріліп жатқанын жеткізді.