Алматы тұрғындары Наурыз мерекесін думандатып тойлады

1046

"Орта Азиядағы Наурыз" атты бағдарлама бойынша елімізге Түркия, Жапония, Ұлыбритания елдерінен тарихшылар мен этнографтар шақыртылған. 

Алматы тұрғындары Наурыз мерекесін думандатып тойлады

Алатаудың етегіндегі Алматы шаһары тұрғындар Ұлыстың ұлы күнін бар сән-салтанатымен думандатып өткізді, деп хабарлайды 24.kz.

Ұлық күнді тоқшылықпен қарсы алу үшін 30 тонна бауырсақ пен мыңдаған литр наурыз көше пісіріліп, халыққа тегін таратылды.

"Орта Азиядағы Наурыз" атты бағдарлама бойынша елімізге Түркия, Жапония, Ұлыбритания елдерінен тарихшылар мен этнографтар шақыртылған. "Астана" алаңында жиналған құрметті қонақтар мен қала тұрғындарын шаһар әкімі құттықтады.

 Жалпы бұл мерекеге шетелден 500 турист-саяхатшы қатысты. Думанды шара "Астана" алаңымен қатар, "Атакент" сауда-көрмесі  алаңында, "Алматы" және "Халық" ареналары алдында жалғасын тапты. 

"Қуаныштымын мен. Осы мейрамда Мерекеде Қазақстан эстрада жұлдыздары ұлттық нақыштардағы әндерін әуелетіп, көңілге шаттық сыйлады. Ұлттық ойындар өтіп, түрлі спорттық жарыстар өткізілді. Мереке жалғасын табады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу