Алматыда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"ҚР БҒМ ҒК сеймологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мемлекеттік мекемесі сағат 15:20 жерасты дүмпулері тіркелгенін хабарлайды. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 5 шақырым жерде болған.
Жерасты дүмпулерінің магнитудасы MPV 3.7, 10 шақырым тереңдіктен білінген. Алматы тұрғындарына жер сілкінісі 2-3 балл шамасында сезілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу