Алматы тұрғындарын алдаған алаяқ 48 миллион теңге табыс тапқан

37 жастағы ер азамат төмендетілген бағамен тұрғындарға баспана алу қызметін ұсынды. 

Алматы тұрғындарын алдаған алаяқ 48 миллион теңге табыс тапқан Фото: freepik

Алаяқ алматылықтарға арзандатылған бағамен баспана сатып алуды ұсынып, осылайша 48 миллион теңгеге жуық табыс тапқан. Бұл туралы inbusiness.kz сайты polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми мәліметке сәйкес, оған сенгендер аз болмаған.

"Алдын ала төлем сомасы “қызметіне” байланысты өзгеріп отырды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 48 миллион теңгені құрайды. Қазір, тергеушілер ұсталған азаматтың осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Қылмыстық іс аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша тергеліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айтпақшы, бұған дейін ер адам осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған", – деп түсіндірді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Сонымен қатар, ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай, кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу