Алматы тұрғындарын аурухана жанына қонған тікұшақ таңқалдырды (видео)

1036

Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы қонған тікұшаққа қатысты түсініктеме берді.

Алматы тұрғындарын аурухана жанына қонған тікұшақ таңқалдырды (видео)

Алматы тұрғындарын Қалқаман ауруханасының жанына қонған тікұшақ таңқалдырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видео Instagram-дағы kris_p_almaty тобында жарияланған. "Аурухана жанына тікұшақ қонғанын осы уақытқа дейін көрген емеспін, осыған қарағанда дамып келе жатқан сияқтымыз", - деп жазады  видео авторы. 

Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы бейне роликке түсініктеме берді.

"Бүгін сағат 11.46-да Жамбыл облысының Қордай кентіндегі орталық ауруханадан  Алматы-Тараз республикалық тас жолда ЖКО-да зардап шеккен 3 адам Алматы қаласындағы №7 қалалық клиникалық ауруханаға тікұшақпен жеткізілді", - деп қалалық аурухана баспасөз-қызметі мәлім етті. 

Алматы қаласындағы №4 ҚКА мен №7 ҚКА ауруханасының тікұшақ қонатын алаңдары бар. Бұлар Алматыда "Бүкіләлемдік Универсиада -2017"-ге дайындық кезінде салынған. Көбінесе мұнда тікұшақпен ЖКО салдарынан бас сүйек – ми зақымы мен  сүйегі сынған адамдар жеткізіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу