Наурызбай ауданының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету әкімдіктің басты міндеті. Бұл туралы аудан тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.
Мәселені шешу үшін 2 су қабылдау, 104,2 шақырым инженерлік желілер салынуда, сорғы станциялары бар қосымша магистральдық су құбырын жобалау басталды.
“Қарғалы” су қоймасының құрылысы 92%-ға аяқталды. Іске қосу келесі жылдың маусымына жоспарланған. Бұл қуаттылықты тәулігіне 2 есе 15 мың текше метрге дейін арттырады. Ауыз сумен Қарағайлы, Құрамыс, Таусамалы шағын аудандары қамтамасыз етіледі.
"Ақсай" су қоймасы бойынша жер жұмыстары жүргізілуде. Іске қосу 2025 жылдың III тоқсанына жоспарланған. Ол 100 мың азаматты ауыз сумен қамтамасыз етеді”, – деді әкім.
Сонымен қатар “Ақжар” шағын ауданының тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін “Ақсай” суқоймасы іске қосылғанға дейін баламалы магистральдық су құбыры салынады. Құрылыс 2023 жылдың маусым айының соңына дейін аяқталады және 35 мың адамды сумен қамтамасыз етеді.
Таусамалы”, “Шұғыла” ш/а және “Ақжар” шағын ауданының 20 көшесінде жоспарланған 104,2 шақырым желілердің 79,6 шақырымы салынды. Қалған 24,6 шақырым 2023 жылдың маусымына дейін аяқталады.
“Қарағайлы”, “Тастыбұлақ” шағын аудандары мен Ақжар шағын ауданының қалған 30 көшесіне 267 шақырым желі тарту бойынша ЖСҚ әзірленуде. Құрылыс 2023 жылдың II тоқсанында басталады.