Алматы тұрғындарына жер сілкінісі туралы хабарлама неге келмегені белгілі болды

96

Осыған байланысты ҚР ТЖМ ресми түсінік берді. 

Алматы тұрғындарына жер сілкінісі туралы хабарлама неге келмегені белгілі болды Фото: canva

2026 жылғы 17 ақпанда сағат 15:09-да тіркелген жер сілкінісінен кейін алматылықтар ұялы телефонына төтенше ескерту хабарламасының келмегенін айтып, алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство мәліметінше, "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС станциялары тіркеген дүмпу Алматыда 2 балл болып сезілген. Ал автоматты хабарлау жүйесі тек 5 балдан жоғары қауіпті деңгейдегі жер сілкіністері кезінде қосылады.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан.

Жер асты дүмпуі Алматы облысындағы Түрген ауылы мен Есік қаласында 4 балға дейін сезілген, ал басқа елді мекендерде 2-3 балл шамасында тіркелген.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу