Алматы тұрғындарынан көліктерін ағаш түбіне қоймау сұралды

915

​Қалада қалың қар жауды.

Алматы тұрғындарынан көліктерін ағаш түбіне қоймау сұралды

Қалалық қызметтер жоғары деңгейде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Көшелер мен аулаларды қардан тазалау жұмыстары тоқтаған жоқ.

Ауа райы болжамына сәйкес, 27 қарашада қалада ауа температурасы -4… -13°С болады. Күндіз көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жолдар көктайғақ.

Алматы әкімдігі тұрғындардан қолайсыз ауа райында сақ болуды, ағаштардың астына тығылмауды және олардың жанына көлік қоймауды сұрады.

Сонымен қатар автокөлік жүргізушілерінен жеке көлікпен жазғы дөңгелекпен жүрмеу сұралды. Жаяу жүргіншілерге абай болуға кеңес берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу