Алматы тұрғындарының суға берешегі 550 млн теңгеден асты

246

Бұл туралы "Алматы Су" мекемесінің өкілдері мәлімдеді.

Алматы тұрғындарының суға берешегі 550 млн теңгеден асты Фото: informburo.kz

Алматыда ауызсу мен кәріз қызметтері үшін тұрғындардың жалпы берешегі 550 млн теңгеден асты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мекеме мәліметінше, көпқабатты үйлердің тұрғындары шамамен 250 млн теңге, ал жеке секторда тұратындар 300 млн теңгеден астам қарыз болған.

Коммуналдық қызмет ақысын әр айдың 25-іне дейін төлеу қажет. 26-сынан бастап төлем жасалмаса, берешекке өсімпұл есептеледі.

Қарыз ұзақ уақыт өтелмеген жағдайда су беру шектелуі немесе тоқтатылуы мүмкін. Сондай-ақ берешек сот арқылы өндіріліп, тұтынушыға өсімпұл мен сот шығындарын өтеу міндеттеледі. Су беруді шектеуге үш күн қалғанда тұтынушыға алдын ала ескерту жіберіледі.

"Алматы Су" мекемесі тұрғындарға қосымша шығынға ұшырамау үшін берешегін тексеріп, коммуналдық қызмет ақысын уақытылы төлеуге кеңес берді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу