Алматы тұрғыны Алтын Орданың туын жариялады

1872

Құнды жәдігер ұзақ жылдар бойы қойдың қарнына сақталып келген екен.

Алматы тұрғыны Алтын Орданың туын жариялады

Алматы қаласының тұрғыны Анаргүл Әмір екі басты самұрық құс бейнелеген Алтын Орданың туын жариялады, деп хабарлайды 24.kz.

Ол тумен бірге сол дәуірге тән көйлек бар.

Құнды жәдігер ұзақ жылдар бойы қойдың қарнына сақталып келген екен.

2017 жылы Анаргүл Әмір қарынды ашып, ішінде баға жетпес байлық жатқанын түсінеді. Қазақстандық және ресейлік тарихшылар да, бұл Алтын Орданың штандарты деген тоқтамға келеді. Содан соң ту музейге тапсырылған. Ондағы мамандар "жәдігерді өңдейміз" деп уәде берген екен. Алайда күні бүгінге дейін атқарылған іс жоқ. Осыған көңілі құлазыған Анаргүл Әмір жәдігерді кері қайтарып алыпты.

"Бұл жалау ата-бабамнан ұрпаққа беріліп келе жатқан мұра. Соңғы атам Мырзағали, оның алдындағы атам Әмір, әкем сақтаған. Әкем көзін жұмғаннан кейін мен кірістім. Менің ойымша, Елбасы білуі керек Қазақстанда Алтын Орданың жалауы бар екенін",– дейді Анаргүл Әмір.

Екі басты самұрық құс Алтын Орданың хандары Жәнібек пен Өзбек хан шығарған теңгеде бейнеленген. Оған дейін Селжүк түріктерінің елтаңбасы болған.

"Бұл XI ғасырдағы Селжүктердің штандартына өте ұқсайды. Құстың басы да мына жерде дәл сондай. Одан кейін мұрны да, құлағы да сондай. Бек Ибраев айтқан, бұл – самұрық құс. Өйткені самұрық құста құлақ бар. Әрине, Алтын Орда мен Селжүктердің байланысы бар. Өйткені ата-бабалары бір ғой. Бәрі де түрік",– дейді "Қазақ оюлары" кітабының авторы Ерлан Қожабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу