Алматы тұрғыны интернет-алаяқтарға көмек көрсеткені үшін қамауға алынды

169

Қазан айында Алматы қаласының тұрғыны банк есепшоттарын алаяқтарға пайдалануға берген. 

Алматы тұрғыны интернет-алаяқтарға көмек көрсеткені үшін қамауға алынды Фото: canva.com

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен аса ірі көлемде интернет-алаяқтық жасауға көмектескен күдікті ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұл әрекеті арқылы ол ауыр қылмыстың жасалуына жәрдемдескен.

Алаяқтардың заңсыз әрекеттері нәтижесінде Ақтау қаласының тұрғындарына 90 миллион теңгеден астам залал келтірілді.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті тергеу судьясының санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу