Алматы тұрғыны Jusan Bank ұйымдастырған акциядан Tesla көлігін жеңіп алды

671

Jusan Bank "Игілік жасап  миллион ұт" акциясын қорытындылап, бүгін Алматыда жеңімпазды марапаттады. Ең басты сыйлық Тесла темір тұлпары. Одан өзге, акция аясында банктің 63 клиенті миллионер атанды. 

Алматы тұрғыны Jusan Bank ұйымдастырған акциядан Tesla көлігін жеңіп алды Фото: JUSAN Bank

Jusan Bank клиенттеріне сый жасады. Яғни, мобильді қосымшада ойын түріндегі қарапайым тапсырмаларды орындап, акцияға қатысу мүмкіндігіне ие болу. Шарт  кем дегенде мың теңгеге сауда жасау немесе мобильді қосымшада қызметтерге ақы төлеу. 

"Конкурстың өзі ойын форматында болғанымен, пайдалы тұстары да бар. Мәселен, онда жақын адамыңа кофе сыйла, туысыңды тәтті тағаммен қуант деген секілді тапсырмалар болды. Бұл бір жағынан жақсылық жасауға да бағытталған. Жұмсайтын ақша да көп емес, кемі мың теңге. Акция игі іс жасай отырып, миллионер атануға немесе көлік жеңіп алуға мүмкіндік берді", деді Jusan Bank басқарма басшысының орынбасары Ғабит Нүркенов.

Tesla Model Y темір тұлпарының су жаңа қожайыны алматылық 58 жастағы Сәуле Ақпанбаева. Ол Jusan Bank-тің бұрыннан бері келе жатқан тұрақты клиенті. Акция барысында 41 тапсырманы орындап, жеңімпаз атанды. 

Айтуынша, екі тапсырманы орындай алмаған. Өйткені, онда көлікке жанармай құю керек болған екен. Өз басында темір тұлпар болмағандықтан, одан бас тартыпты. 

"Біз ең болмағанда миллион ұтатын шығармыз деп ойладық. Бізге жұма күні хабарласып, "Сіздер Тесла жеңіп алдыңыздар" дегенде алғашында сенбедік. Қуанышымызда шек жоқ. Көлікті немере сыйлаймын. Биыл жазда ол 18-ге толды. Мен ойлаймын бұл керемет сыйлық", деді "Игілік жасап  миллион ұт" акциясының жеңімпазы Сәуле Ақпанбаева. 

Айта кету керек, Jusan Bank "Игілік жасап  миллион ұт" акциясы барысында әр күн сайын қатысушылар арасынан 1 миллион теңгенің жеңімпазын анықтап отырды. 

Осылайша, 63 адам миллионер атанды. Оған қоса, барлық тапсырмаларды орындаған 10 клиентке естелік кәдесыйлар берілді.

Арнат Дүйсен 

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу