Алматы тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасынан кейін қайтыс болды

1448

Азаматтың нақты неден көз жұмғаны сараптамадан кейін белгілі болады. 

Алматы тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасынан кейін қайтыс болды

Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін алғаннан кейін қайтыс болған азамат туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Қоғамдық денсаулық басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Қазіргі кезде азаматтың қайтыс болу себептері зерттелуде. 1979 жылы туылған адам вакцинаның алғашқы дозасын 12 сәуірде алған, 21 күннен кейін екінші компонентін салдырды.

"Вакцина салдырғаннан кейін, 30 минут бойы дәрігердің бақылауында болды, жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Кейін Б. Нұртазин үйіне кетті. Оның жағдайы үйінде нашарлаған. Жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды",– деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар басқа таратқан ақпаратта ер адамға қандай вакцина егілгені туралы айтылмайды.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы алдын-ала ақпарат бойынша, өлімнің себебі жедел жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі деп атап өтті.

"Өлімнің себептерін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде, сот-медициналық сараптама басталды. Нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады, соңғы диагноз гистологиялық сараптамадан кейін анықталады", деп жазылған хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу