Алматы тұрғыны үйі мен көлігін өртеп жібермекші

850

Тұрғынға жақтасып, оған қолдау білдіру үшін Нұртас Адамбай барды.

Алматы тұрғыны үйі мен көлігін өртеп жібермекші

Мергестен Камардинов есімді қала тұрғыны несиесін өтемеген. Сол себепті оның банк кепілінде тұрған 16 сотық жер учаскесі сатылып кеткен. Алайда Камардинов сату заңсыз болды деп есептейді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі orda.kz сайтына сілтеме беріп.

Мергестен Камардиновтың айтуынша, сауда-саттыққа шығаруда бұзушылықтар болды, оның қымбат (кем дегенде 100 млн теңге) учаскесін жарты бағасына беріп жіберген.

Ал жердің жаңа иелері барлық операция заңды деп санайды. Олар 2020 жылдан бері Каймердиновтерді үйден шығара алмай келе жатқанын айтады. Сондықтан бүгін аталмыш мекенжайға жеке сот орындаушылары, полиция мен өрт сөндірушілер келіп тұр.

Айта кету керек, Камардиновті қолдауға белгілі режиссер Нұртас Адамбай да барды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу