Инстаграмдағы kris_p_almata парақшасында көшедегі шұңқырды кілеммен жауып қойған сурет жарияланды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Белгілі болғандай қала тұрғындары көшедегі жолды кілеммен жауып, мәселені шешпек болған.
Алматы әкімдігі аталған жайтқа байланысты түсініктеме берді.
"Айбергенов көшесіндегі шұңқырға қатысты шағым 31 қазанда түсті. Бұл кілемді жергілікті тұрғындар төсеп қойған. 1 қарашада ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында тұрғындардың өтініші қаралды. Дәлірек айтқанда, асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілді", - делінген Алматы әкімдігі таратқан хабарламада.
Әкімдік өкілдері Наурызбай ауданына қатысты арыз-шағымдарды әкімдіктің Instagram-дағы парақшасына жазуға (@akimat_nauryzbai_audany) немесе +7 700 308 7020 нөміріне қоңырау шалуға болатынын айтады.