Алматы тұрғынынан 30 келіден астам есірткі тәркіленді

561

7 қаңтарда Алматы қаласының тұрғыны отырған ВАЗ-2107 автокөлігін тексеру барысынла есірткі заты бар үш қапшық табылды.  

Алматы тұрғынынан 30 келіден астам есірткі тәркіленді Фото: polisia.kz

Ер адам аталған көліктің жолаушысы болған. Автокөлік Тәтті ауылының маңындағы Меркі-Шу-Бурылбайтал республикалық маңызы бар автожолының 40-шақырымында ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Жамбыл облыстық ПД сілтеме жасап.

"Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері патрульдік полиция батальонымен бірлесіп автокөлікті ұстады. Жалпы салмағы 30,7 келі болатын кептірілген марихуана есірткі заты жүк салғышта болған. Аталған есірткі заттарын жолаушы Алматы қаласына одан әрі өткізу үшін тасымалдаған", – деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу