Алматы тұрғынының көлігінен бірнеше атыс қаруы табылды

2016

Күдікті бұрын бопсалау фактісі бойынша істі болған. 

Алматы тұрғынының көлігінен бірнеше атыс қаруы табылды

Алматы полиция департаменті мамандары заңсыз қару ұстаған Медеу ауданына қарасты "Думан" ықшам ауданының 27 жастағы тұрғынын тұтқындады.  

"Біздің назарымызға 1992 жылы дүниеге келген бұрын бопсалау фактісі үшін істі болған "Думан" ықшам ауданының тұрғыны ілікті. Күдіктіні тұтқындау барысында пышақ табылды. Бұдан бөлек оның "Ауди" маркалы көлігін тінту кезінде 12 калибрлі аңшылыққа арналған екі қару, карабин, тегіс ұңғылы қару, 15 оқ табылды. Барлық табылған қарулар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Соның нәтижесінде аталған қарулардың қандайда бір қылмысқа қатысы бар не жоғы анықталады",– деді Алматы қаласы Қылмыстық полиция департаментінің басшысы Жанболат Зиадин.

Тұтқындалған азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 287 бабы (Атыс қаруларын, оқ-дәріні, қару жарақты немесе жарылғыш заттарды ұрлау, заңсыз сатып алу, алып жүру, сақтау) бойынша іс қозғалып, сот алды тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу