Алматы тұрғынының қорасынан сегіз қару тәркіленді

1302

Алматы қаласы Наурызбай ауданы тұрғынының қорасынан қару-жарақ, оптикалық көздеуіш және аңшылық құралдар тәркіленді. Мұны қалалық полиция департаменті мәлімдейді. 

Алматы тұрғынының қорасынан сегіз қару тәркіленді

"Арнайы іс-шара кезінде 1984 жылы туған К. есімді азамат ұсталды. Оның 5 қаңтарда "Камерад" қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқаны анықталды. Күдіктінің 12-ші калибрлі тегіс ұңғылы сегіз мылтықты ұрлағаны белгілі болды. Күдікті қару-жарақты сарайда жасырған. Барлық қару тәркіленді. Оларға сараптама тағайындалды", – деді департамент бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

"Камерад" қару-жарақ дүкенінен қару-жарақ пен өзге де мүлікті ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі тергеп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу