Алматы туризмді дамытудағы жетістіктері үшін 3 халықаралық марапатқа ие болды

182

Қала стенді Мумбай, Сеул және Гонконгтағы ірі көрмелерде жоғары бағаланды.  

Алматы туризмді дамытудағы жетістіктері үшін 3 халықаралық марапатқа ие болды Фото: Almaty_akimdigi telegram

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Алматы қаласы туристік әлеуетін халықаралық деңгейде таныту бағытындағы жұмыстары үшін үш мәртебелі марапатқа ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мумбай қаласында өткен OTM-2026 халықаралық туристік көрмесінде Алматының көрме стенді "Қалалық туризмді үздік ілгерілеткені үшін" марапатына ие болды. Іс-шара аясында шетелдік туроператорлармен бірқатар іскерлік кездесулер өтіп, Алматыға туристер ағынын арттыру бойынша келісімдер жасалды.

Сеулде ұйымдастырылған SITF-2026 көрмесінде Алматы стенді мазмұны мен таныстырылым сапасы үшін The Best Booth Content Award сыйлығын жеңіп алды.

Үшінші марапат Гонконгта өткен ITE Hong Kong 2026 халықаралық көрмесінде табысталды. Алматы көрме ұйымдастырушыларының арнайы Outstanding Performance Booth сыйлығына ие болған жалғыз қатысушы атанды.

Бұл марапаттар Алматының халықаралық туристік нарықтағы танымалдығы артып, қаланың шетелдік саяхатшылар үшін тартымды бағыт ретінде қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу