Алматы ТЖД басшысы қызметінен кетті

176

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Динара Нұрғалиқызының айтуынша, Атығаевтың қызметінен кетуі Назарбаев даңғылында болған өрт оқиғасына байланысты емес. 

Алматы ТЖД басшысы қызметінен кетті Фото: Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев лауазымынан кетті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымындағы кадрлық өзгерістер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қатысы жоқ. Ресми дереккөздерге ғана сенуді сұраймыз, – делінген ведомство мәлімдемесінде.

Еске салайық, 9 шілдеде Назарбаев даңғылында "Газель" көлігі өртеніп, жарылыс болған. Алайда дау өрт шыққаннан кейін емес, өрт сөндірушілер келген кезде басталды – олар оқиға орнына суы жоқ көлікпен келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу