Алматы ТЖД жер сілкінісі кезінде SMS-хабарлама жіберуден бас тартты

1106

Бұл әдіс тиімсіз деп танылды.

Алматы ТЖД жер сілкінісі кезінде SMS-хабарлама жіберуден бас тартты

Алматы төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісін ескерту үшін жіберілетін хабарламадан бас тартты.

"SMS-хабарлама жіберу көптен бері қолданылды. Алайда біз оның тиімсіздігін түсіндік. Алматылықтарды ол хабарламалардың келу алгоритмі қанағаттандырмайды. Оны ұялы байланыс операторлары жібереді. Бірақ бұл SMS-тер жер сілкінісінен кейін алты сағаттан соң келеді. Қазір біз барлық қала тұрғындарына Darmen қосымшасын жүктеп алуды ұсынамыз",– деді Алматы ТЖД басшысы Серік Әубәкіров.

ТЖД басшысының сөзінше, жаңа құралдардың арқасында Darmen қосымшасы жер сілкінісіне 18 секунд қалғанда хабар береді.

"Орта есеппен 100 киллометр қашықтықтағы жер сілкінісін 10 секунд бұрын хабарлайды. Мәселен, дүмпудің эпицентрі 200 киллометр қашықтықта болса, хабарлама 18-20 секундта келеді. Сол 20 секундтың ішінде адам тығыла ма, қауіпсіз аймаққа бара ма шешіп үлгереді",–деді Серік Әубәкіров.

Ал SMS-хабарламалар сел, дауыл кезінде, жолдар жабылғанда келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу