Алматы үйлерінде өрт қауіпсіздігі сақталған ба?

485

Жыл соңына дейін Алматыдағы 100-ге тарта жоғары қабатты тұрғын үйдің өрт қауіпсіздігі тексеріледі.

Алматы үйлерінде өрт қауіпсіздігі сақталған ба?

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бұған дейін жеке кәсіпкерлікті тексеруге тыйым салынғандықтан, мұндай қадамға бара алмадық деп отыр. Бұл ретте сала сарапшылары не дейді?

Мектепте оқыс оқиға болса, барлық мектеп тексеріледі, балалар лагерьде емес саунада жатса, бүкіл лагерь бақылауға алынады. Салдармен ғана күресу әлі де трендтен түскен жоқ. Ал, 16 қабатты үйдің өрт қауіпіздігі дұрыс болғанда, ешкім зардап шекпей, тіпті, адам өліміне әкелмес еді. Төтеншеліктер болса, пәтер иелері кооперативі кәсіпкерлік субьект болғандықтан 2015 жылдан бері оларды тексере алмаймыз деп ақталып отыр. Ең сорақысы, тіпті, жаңадан салынған үйлерге де тістері батпайды екен. 

16 қабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде төтеншеліктер бірнеше кемшілік анықтады. Олар, арнайы баспалдақтардың жабық болуы және кіреберістегі өртке қарсы дабылдардың жұмыс істемей тұрғаны. Бұл ретте үйге барлық пәтердің қожайындары жауапты. Құрылысшылар одағы болса, барлық мәселе заңның әлсіздігінде дейді.   

Шынында, айына қаншама қаражат қалтасынан төлеп отырған тұрғындар, үйдің жақсы болуын талап етуі тиіс. Тіпті, өрт сөндірушілер де пәтер қожайындарының өтініші бойынша ғана үйдегі өрт қауіпсіздігіне қатысты  құрылғыларды тексере алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу