Алматы ұшақ экипажының 4 мүшесі астан уланды

495

"Астана-Алматы" және "Алматы-Семей" рейстерінде қызмет атқарған борт серіктер өздерін жайсыз сезініп, үшеуі ауруханаға түскен.  

Алматы ұшақ экипажының 4 мүшесі астан уланды Фото: baq.kz

Санитарлық нормалардың бұзылғаны анықталып, 1600 АЕК көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Бір қызметкер үйде емделуді жөн санаған. Қазір олардың жағдайы жақсы. Осы жайтқа қатысты тамақпен қамтамасыз ететін мекеменің цехында тексеріс жүргізілген.

Дегенмен, санитариялық-эпидемиологиялық департамент өкілдері экипаж мүшелерінің нақты борттағы тамақтан уланғанына күмән келтіріп отыр.

"Барлық қажетті талдаулар жүргізілді. Талдаулар нәтижесі бойынша теріс нәтиже алынды. Олар қолданған тамақ өнімдерінің барлығынан ешқандай оң нәтиже шыққан жоқ. Осыған байланысты борттық тамақтан улануды осы аталған тамақтандырумен байланысты емес деген тұжырым шығардық", дейді ДСМ Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Ақмарал Рамазанқызы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу