Алматы үздік туристік бағыт деп танылды

149

Дохада өткен Qatar Travel Mart 2024 халықаралық көрмесінде біздің қала табиғи және мәдени көрнекті орындарын таныстырды.  

Алматы үздік туристік бағыт деп танылды Фото: Максим Золотухин

Үш күн ішінде іс-шараға 12 мыңнан астам адам қатысты. Алматы үздік туристік бағыт деп танылды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Көрмеде қонақтар қазақ мәдениетінің атмосферасына шомылып, ұлттық тағамдардан дәм татып, дәстүрлі киімдерді киіп көрді.

Қаланың атынан Visit Almaty орталығы, 6 туроператор және "Шымбұлақ" курорты қатысты. Шетелдік серіктестермен өткен іскерлік кездесулер нәтижесінде Алматыға 13 мыңнан астам турист тартуға арналған 44 келісімшартқа қол қойылды.

Алматылық туроператорлар мұндай көрмелерге қатысу Қазақстанның туристік әлеуетін арттыруға және халықаралық байланыстарды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу