Алматылықтар қайтадан бірігіп, өздерінің қала тұрғындарының мәселелеріне бей-жай қарамайтынын көрсетті. Мәселен, бүгінде мегаполисте түрлі қайырымдылық акциялары белсенді түрде өткізіліп жатыр, олар онлайн және офлайн режимде де ауқымға ие. Басты мақсат – қиын өмірлік жағдайға тап болған қала тұрғындарының өміріне өз үлесін қосу.
Мысалы, "Таңғы студияның" жүргізушілері, отандық жұлдыздар – Тәуекел Мүсілім мен Данияр Батырбаев STOPCOV| Almaty арнасының редакциясымен бірлесіп "Алматы жақсылық сыйлайды" акциясын іске қосты. Қарттар күніне орай азаматтық белсенділер тобы еріктілермен бірге мұқтаж зейнеткерлерге барып, оларды мерекемен құттықтап, азық-түлік себеттерін әкелді.
"Біз белсенді қалалықтардан қарттарымызбен өз қамқорлығымен бөлісуді, оған мұқтаж адамдарға қолдан келгенше көмек көрсетуді және жай ғана назар аударуды сұраймыз. Жақсылық үшін көп нәрсе қажет емес", – деп атап өтті акция ұйымдастырушылары.
Сонымен қатар, алматылық еріктілер-энтузиастар 2 қазанда "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінен басталған қайырымдылық велошеруін ұйымдастырды.
Қайырымдылық жобасының мақсаты – Алматыда ғана емес, еліміздің түрлі өңірлерінде тұратын аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек көрсету. Велошеру барысында жиналған қаражат балаларға көмек көрсетуге бағытталады. Аталған іс-шара қалалық мәслихаттың депутаты Қайрат Құдайбергеннің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтуде. Велошерудің ұзақтығы – 2200 км, мәре нүктесі-Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы.