Алматы жалған ақша жасаудан көш бастап тұр

2066

Көбінесе 10 мың теңгелік қағаз ақша жалған болып шыққан. 

Алматы жалған ақша жасаудан көш бастап тұр

Қазақстан биылғы жылдың бес айында 2,3 млн теңгеге 441 жалған ақша жасағаны белгілі болды,  деп хабарлайды LS.

Ресми сауалға жауап берген Ұлттық банк жалған ақшаның 436-сы қағаз ақша, ал бесеуі тиын екенін айтты. Былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстыратын болсақ, жалған ақшаның саны 39%-ға қысқарған. 2018 жылы қаңтарынан маусымына дейін 3,2 млн теңгеге 710 жалған ақша мен 11 тиын жасалған болатын.

Алаяқтар көбінесе 10 мың теңгелік ақшаны жиі жасаған. Мұндай ақшаның 170 данасы анықталды. Одан кейінгі орында 154 дана 2 мың теңгелік, 51 дана 5 мың теңгелік тұр.

Ұлттық банк мәліметінше, жалған ақша жасаудан бұрынғыша Алматы бірінші орында тұр, олар 171 дана жасаған. Екінші орында 50 дана жасаған Нұр-Сұлтан қаласы тұр.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу