Алматыда қаңтар трагедиясын еске алуға арналған пантеон салынады

1115

Президент тапсырма берді.

Алматыда қаңтар трагедиясын еске алуға арналған пантеон салынады

Алматыдағы қаңтар трагедиясын еске алуға арналған пантеон салынады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, нысан Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде бой көтермек. Оның жобасын әзірлеу бойынша ашық байқау жарияланады.

Прокуратураның мәліметінше, қаңтар айының басындағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандар саны 225 адамға жеткен.

"Мәйітханаларға 225 адам жеткізілді. Оның 19-ы құқық қорғау органдарының қызметкерлері", – деді 2022 жылдың 15 қаңтарында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Серік Шалабаев.

Дегенмен бұл алдын ала деректер екені белгілі. 

Қаңтар оқиғасында Алматы қаласына көп залал келтірілді. 17 қаңтардағы жағдай бойынша тәртіпсіздіктер кезінде келтірілген шығын сомасы 112,6 млрд теңге шамасында.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу