Алматы жартылай марафоны: 23 сәуірде жолдардың бір бөлігі жабылады

Жол қозғалысы 00:00-ден 12:00-ге дейін ішінара шектеледі.

Алматы жартылай марафоны: 23 сәуірде жолдардың бір бөлігі жабылады Фото: Хабар24

Алматы жартылай марафонының Ұйымдастыру комитеті оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына жарыс өтетін күні, 2023 жылғы 23 сәуірде жолдардағы қозғалыстың ішінара жабылатыны туралы хабарлайды.

Жартылай марафон таңғы сағат 7:30-да Тұңғыш Президент саябағында басталады. Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында  Мұстафин көшесінен Навои көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс 23 сәуір күнгі сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін жабық болады. Оңтүстік жағы сағат 7:00-ден 8:10-ға дейін жабылады.

Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағат 7:15-тен 09:40-қа дейін шектеледі. Оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Сейфуллин даңғылында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағат 7:40-тан 09:00-ге дейін толық жабылады.

Абай даңғылының оңтүстік жағында Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағат 8:40-тан 11:10-ға дейін шектеледі. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Абай даңғылының оңтүстік жағында Сейфуллин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағат 7:50-ден 09:30-ға дейін жабылады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Саин көшесінің шығыс жағында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағат 08:30-дан 10:10-ға дейін жабылады. Батыс жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 23 сәуірде (жексенбі) Алматыда жыл сайынғы Алматы жартылай марафоны өтеді. Биылғы жылы жартылай марафон осымен алтыншы рет ұйымдастырылмақ. Жарыс жолына 7660 спортшы мен әуесқой жүгіруші шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу