Алматы жас босанған әйел көз жұмды

963

 Артында үш баласы қалды. 

Алматы жас босанған әйел көз жұмды

Алматыда №1 перзентханада жас босанған әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға №1 перзентханада 17 шілдеде болған. Бұл туралы Instagram желісінде қайтыс болған әйелдің сіңлісі жазды.

"Суретте менің әпкем. Дәрігерлердің жауапсыздығынан көз жұмды. №1 перзентханада 17 шілдеде түнгі 3-те дәрігерлер кесар тілігін жасады. Өмірге қыз бала келді. Бірақ, анасы өзіне өзі келе алмады. Іші ауырды. Алайда дәрігерлер бәрі жақсы, бұл ауырсыну болады деп сендірді. Біраз уақыттан соң іштен қан кете бастады. Кешкі 5-те оны қайтадан операцияға алған. Бірақ кеш болды. Әпкем қайтыс боп кетті. Артында үш баласы қалды. Біздің қайғымызды сөзбен жеткізу мүмкін емес", – деді Исраилова Альбина.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қайтыс болған әйелдің жақындары мен туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтты.

"Перзентханада болған оқиғаға байланысты кешенді комиссия құрылды. Комиссия құрамына Республикалық ұйымдардың, ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау комитетінің өкілдері енді. Комиссиялық тексеру материалдары кейін полицияға тапсырылады. Полиция іске құқықтық баға беретін болады", - деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Бұл мәселе қала әкімдігінің жеке бақылауына алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу